Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    7
    Сапаров Айдарбек Сейпілұлы
    Министр

    Сапаров Айдарбек Сейпілұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

    1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    Сұлтанов Азат Сиражиддинұлы
    Вице-министр

    Сұлтанов Азат Сиражиддинұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    Азат Сұлтанов 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

    Өсімдік шаруашылығыЖер ресурстары
    Бердалин Аманғали Бисенбайұлы
    Вице-министр

    Бердалин Аманғали Бисенбайұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.

    Мал шаруашылығыВетеринарлық қауіпсіздік
    Хатепова Назгүл Серікқалиқызы
    Вице-министр

    Хатепова Назгүл Серікқалиқызы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды.

    Кенжеханұлы Ермек
    Вице-министр

    Кенжеханұлы Ермек

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    1988 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Рединг университетінің (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығы факультетін «агробизнес менеджмент» мамандығы бойынша және Аджу (Корея) университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

    Фитосанитариялық қауіпсіздікХалықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту
    Қанафин Таласбек Ахмединұлы
    Вице-министр

    Қанафин Таласбек Ахмединұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

    1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

    Е-АӨК (АӨК цифрландыру)
    Ли Сергей Михайлович
    Аппарат басшысы

    Ли Сергей Михайлович

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы

    Сергей Михайлович Ли 1973 жылы дүниеге келген. Санкт-Петербургтегі РФ ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери командалық училищесін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ-Ресей халықаралық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

    Департаменттер

    15
    Сұлтан Айхан
    Қызметкерлер

    Сұлтан Айхан

    Аграрлық ғылым және білім департаментінің директоры

    1993 жылы 3 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін, Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Торайғыров атындағы университетін бітірген.

    Комитеттер

    1
    Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы
    Комитет Төрағасы

    Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы

    Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы

    Серік Сағитжанұлы 1965 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. «Экономист» (Алматы халық шаруашылығы институты) және «заңгер» (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті) мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    2
    Жамкенова Альфия Фазылжанқызы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Жамкенова Альфия Фазылжанқызы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1975 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    3