Жамкенова Альфия Фазылжанқызы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Жамкенова Альфия Фазылжанқызы
    Уполномоченный по этике

    Жамкенова Альфия Фазылжанқызы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    1975 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

    Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

    Еңбек қызметін 1996 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан темір жолында инженер-технолог болып бастады.

    2000 жылғы 16 мамырдан 2003 жылғы 26 маусымға дейін — Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы.

    2003 жылғы 26 маусымнан 2005 жылғы 21 желтоқсанға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы.

    2005 жылғы 21 желтоқсаннан 2008 жылғы 16 қазанға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің салықтық емес және өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

    2008 жылғы 16 қазаннан 2010 жылғы 1 қарашаға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің ведомстволық бақылау басқармасының бастығы.

    2010 жылғы 1 қарашадан 2013 жылғы 1 сәуірге дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің адами ресурстар және ведомстволық бақылау басқармасының бастығы.

    2013 жылғы 1 сәуірден 2014 жылғы 10 қарашаға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің ведомстволық бақылау басқармасының бастығы.

    2014 жылғы 10 қарашадан 2015 жылғы 9 қарашаға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы.

    2015 жылғы 9 қарашадан 2017 жылғы 7 наурызға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің адами ресурстар басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы.

    2017 жылғы 7 наурыздан 2018 жылғы 18 қарашаға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің адами ресурстар басқармасының басшысы.

    2018 жылғы 19 қарашадан 2026 жылғы 31 наурызға дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің персоналмен жұмыс басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері