Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесінде қандай нысандар қосылған?
Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса ауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4‑4/282 бұйрығымен бекітілген "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде" белгіленген.
Аталған бұйрыққа сәйкес тізбеге келесі аса қауіпті зиянды организмдер енгізілген:
1) Өсімдік зиянкестері:
- үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
- зиянды бақашық;
- астықтың сұр көбелегі;
- гессен шыбыны;
- астық қоңыздары;
- мақта көбелегі;
- өрмекші кене;
- саршұнақтар;
- тышқан тәрізді кеміргіштер;
- колорадо қоңызы;
- қырыққабат күйесі;
- шалғын көбелегі.
2) Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).