Қазақстан Республикасына үшінші елдерден вакциналар мен ветеринарлық препараттарды әкелу үшін рұқсат қажет пе?
Ветеринариялық препараттарды әкелуге Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарында тіркелген жағдайда рұқсат етіледі (тіркеусіз әкелуге тек сынақтар жүргізу үшін жол беріледі).
Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізуге және қолдануға (пайдалануға) олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайлары бұған жатпайды. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/31 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
Қызмет алушы өтінішті өндірілетін, сақталатын және өткізілетін ветеринариялық препараттар объектісі орналасқан Комитеттің аумақтық инспекциясына, сондай-ақ «Е-лицензиялау» порталы арқылы ұсынады.
Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №16-04/647 бұйрығымен бекітілген «Эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, тасымалданатын объектілерді экспорттауға, импорттауға және транзиттеуге рұқсат беру қағидалары» негізінде рұқсат қаралады. Рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар топтамасына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген тіркеу куәлігі, өндіруші мен жөнелтуші туралы мәліметтер кіреді.
Эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, тасымалданатын объектілерді импорттауға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Ал тасымалданатын объектіні транзиттік тасымалдау үшін басқа мемлекеттердің қызметтерімен келісуді талап ететін рұқсат беру мерзімі – 30 (отыз) жұмыс күні).