Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау қалай жүргізіледі?
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру, бақылау субъектісіне барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
Анықтама ретінде: Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау бойынша мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекторлары 320 шаруашылықты тексеріп, 84 ұсыным берді. Сондай-ақ, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасына барып профилактикалық бақылау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жарты жылдыққа арналған тізімі қалыптастырылды. Тізімге 33 субъект кіргізілді. Тізім Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған.