«Gosagro.kz» субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - СМАЖ) субсидиялауға өтініш беру кезінде қате енгізілген деректерді түзету үшін электрондық шот-фактуралардың құлпын қалай ашуға болады?
Қате енгізілген деректерді түзету үшін мемлекеттік қызмет алушылар СМАЖ-де субсидиялауға өтініш беру кезінде электрондық шот-фактуралардың құлпын ашу үшін жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларына жүгінеді.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының басшыларына қызмет алушының өтініші бойынша субсидия алмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды құлпын ашу функционалы берілген.