Күршімде абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғын жауапкершілікке тартылды
Күршім ауылында тұрғын үй ауласында қоқыстың жиналуы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды.
Тексеру барысында полицейлер 38 жастағы жергілікті тұрғынның өз үйінің аумағында қалдықтарды жинағанын және бұл әрекетімен елді мекенді абаттандыру қағидаларын бұзғанын анықтады.
Аталған құқық бұзушылық үшін ер адам «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру» туралы бап бойынша кінәлі деп танылды. Істің мән-жайы ескеріліп, оған ескерту түріндегі жаза тағайындалды.
Елдімекеннің тазалығы тек көшелер мен қоғамдық орындардың жағдайына ғана емес, жеке тұрғын үй аулаларының тазалығына да байланысты.
Әрбір меншік иесі өз аумағының тазалығын қадағалап, қоқысты уақытылы шығарып отыруы тиіс.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









