Қазақстанда 2027 жылы бірнеше әлем чемпионаты өтеді

    Қазақстан әлемдік спорт қауымдастығындағы сенімді серіктес ретіндегі орнын нығайтып, ірі халықаралық жарыстарды өткізуге сұранысқа ие алаңға айналып келеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, 2026 жылы елімізде бірқатар ірі халықаралық жарыс ұйымдастырылды. Олардың қатарында стенд атудан және боччадан Әлем кубогының кезеңдері, семсерлесуден халықаралық турнирлер, дзюдодан Grand Slam жарысы, «Болашақ ойындары», сондай-ақ World Aquatics қолдауымен өткен жүзуден Әлем кубогының финалдық кезеңі бар. Маңызды оқиғаларының бірі – Қазақстанда күрестен әлем чемпионаты мен Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті.

    «Алдағы аптада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің үлкен конгресі өтеді. Бұл іс-шара Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылады. 2027 жылы елімізде бокстан, дзюдодан, үстел теннисінен, таеквондодан және шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, сәуір айында Астанада УЕФА-ның 51-конгресі алғаш рет ұйымдастырылады. Оған Еуропаның барлық 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, УЕФА басшылығы және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысады. Сонымен қатар, 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізу жоспарланған», – деді министр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық әкімшілігі" жаңалықтары