Ағымдағы жылдың 17–21 қараша аралығында елорданың Алматы ауданындағы Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұралады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









