Астанада тұрғындар арасында сұранысқа ие «Соғым-FEST» ауқымды ет жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңке басталғалы бері 500 тоннадан астам ет сатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке 7 қарашада басталып, оған Қазақстанның әр өңірінен шаруалар қатысты. Осы демалыс күндері, 28 және 29 қарашада, елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа сойылған етті делдалсыз, тікелей сатып ала алады.
Жәрмеңкеде жылқы, сиыр және қой еті, сондай-ақ ұлттық ет өнімдерінің түр-түрі ұсынылады. Саудаға шығарылған барлық өнім ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өткен.
Жәрмеңкеге әсіресе қысқа соғым дайындауды жоспарлаған астаналықтар көптеп келеді.
28 және 29 қараша күндері жәрмеңке елорданың төрт сауда орнында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді:
• «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
• «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
• «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс сұлтан көшесі, 3;
• «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Сиыр етінің келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден басталады.
Еске салайық, «Соғым-FEST» жәрмеңкесі желтоқсан айының соңына дейін әр демалыс күндері өтеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








