Аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасының қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған арнайы кездесу ұйымдастырылады.
Кездесуде кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер, бизнес жүргізу барысында туындайтын құқықтық сұрақтар, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағыттары қарастырылады.
Кәсіпкерлерге өз мәселелерін тікелей жеткізуге, сауалдарын қоюға және салаға қатысты ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беріледі. Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық түсіндірулер жасалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар ұсынылады.
📅 30 қараша 2026 жыл
⏰ 15:00
📍 Аудан әкімдігінің мәжіліс залы
Бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға арналған кездесуге барлық кәсіпкерлерді қатысуға шақырамыз!
Кездесуге қатысып, өзекті мәселелеріңізді талқылауға және ұсыныстарыңызды білдіруге шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





