Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтіп, аграрлық салада еселі еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды.
☑️Жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін өркендетуге үлес қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады.
🔹Марапат төрінен Әйтеке би ауданының азаматтары да көрінді.
🏅Сатмағанбетов Мұрат Абдоллаұлы «Қонысбай» шаруа қожалығының басшысы, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
🏅 Мұратов Дархан Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатына ие болып, «Үздік агроном» атағымен марапатталды.
📌Ауыл шаруашылығы – тынымсыз еңбекті, төзімділік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Ауданымыздың еңбек адамдарына көрсетілген бұл құрмет – олардың ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегінің айқын көрінісі.
✨Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болсын! Еліміздің ауыл шаруашылығының өркендеуіне қосар үлестеріңіз арта берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





