https://www.instagram.com/reel/DgIdh8GxU5C/?knvt=YXUzZjgwYXdsajcy
Әйке ауылында тұрғындар көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, көпір құрылысы мен жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Әйке ауылында 2024 жылғы су тасқыны кезінде шайылып кеткен 60 жылдық ескі көпірдің орнына ұзындығы 58,2 метр жаңа көпір салынып, оған жалғасатын екі жақтағы 1 шақырым жолға асфальт төселді. 🛠️Құрылыс 2024 жылы басталып, республикалық бюджет резерві есебінен жалғасты. 2025 жылы облыстық бюджет резервінен қаржы бөлінді. Алайда қаражаттың кешіктірілуі мен қолайсыз ауа райына байланысты қалған жұмыстар 2026 жылға ауыстырылды. Сонымен қатар, Көпірге барар жолдарды ретке келтіру мақсатында Ы.Алтынсарин көшесі мен Әйке көшесін байланыстыратын 800 метр жол жөнделді. Бұдан бөлек, биыл Тереңсай ауылындағы Тереңсай көшесі де жөнделіп, асфальт жабындысы төселді.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етіп, елді мекендердің жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







