Абай ауданында бесінші өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді

    1 / 8

    Биыл Абай ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5 ауылдық округ пен 1 елді мекендегі өрт сөндіру пункттерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

    Тоқтамыс ауылдық округінде кезекті жаңа өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Тоқтамыс ауылында қазіргі уақытта 700-ге жуық тұрғын бар

    Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Әлімкин, аудан әкімі Мейіржан Смағұлов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

    Өрт қаупі күшейетін жаз мезгілінде қоғамдық негізде өрт сөндіру жұмыстарына белсене қатысып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттар табысталды.

    Бұдан бөлек Орда елді мекеніндегі өрт сөндіру тірек пунктін желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары