ТҮРКІСТАНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

    1 / 7
    Түркістан қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес күзгі көшет отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
    Бүгін жалпықалалық сенбілік аясында С.Қожабаев көшесінде 2 мыңнан астам шаған, ақ тал, үйеңкі ағаштары отырғызылуда. Екі жыл бұрын пайдалануға берілген көшеде тамшылатып суару жүйесі арқылы осыған дейін де екі мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылған болатын.
    Қазіргі таңда қала аумағында көшет отырғызумен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару, сарғайған жапырақтарды жинау және ағаштарды сақтау жұмыстары да атқарылуда.
    Жалпы, биыл күзде қала аумағына 216 231 дана ағаш егу жоспарланған. Соның166 231 данасы Түркістан қаласы тұқымбағында отырғызылады. Ал биіктігі кемінде 2 метр болатын 50 мың ағаш көшеттерді қала көшелері, саябақтар, тұрғын үй аумағында отырғызу жоспарланған.
    Сонымен қатар «Тұқымбақ» аумағында раушан гүлдерін өндіру көлемін арттырып, олардың санын 300 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары