ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 6
    Бірлік секторындағы Наурызым көшесінде жол жабынын жаңарту және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.
    Ұзындығы 2,6 шақырым болатын Наурызым көшесінде ескі жол жабыны мен негізі демонтаждалып, су ағар науалары орнатылды. Бүгінде мұнда асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.
    Жоспарға сәйкес, аталмыш көшедегі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін толық аяқталады.
    Жалпы, Түркістан қаласында 875 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда көшелердің 67 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделген. Осы мақсатта 173 көшеде 150 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінде 48 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары