ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР БОКСТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР БОКСТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

    Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 7-13 қараша аралығында 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ел чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Осы нәтиженің арқасында өңір спортшылары жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

    Ел біріншілігінде 44 келі салмақ дәрежесінде Дарын Қалдыбай, 46 келіде Жанарыс Оспан және 50 келіде Нұрислам Сайлау қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанды. Ал 63 келі салмақта сынға түскен Абдурашит Марат, 66 келідегі Нұрасыл Мелдехан және 75 келі салмақта Жанболат Мәлік финалдық кездесулерде бақ сынап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 50 келі салмақта Жігер Рысбай мен 80 келіден жоғары салмақта Нұрболат Нұрмаханбет қола медальмен марапатталды.

    Чемпионат қорытындысы бойынша жарыста табандылық танытқан Марат Абдурашит арнайы жүлдемен марапатталса, Түркістан облысы жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Олжас Сыздықов турнирдің «Үздік жаттықтырушысы» номинациясын иеленді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары