1 / 12
Түркістан қаласында салынып жатқан 570 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен және жобаның іске асырылу кезеңдерімен танысты.
15,6 гектар аумақты алып жатқан медициналық кешеннің жалпы ауданы – 83 277 шаршы метр. Жертөле қабатын қоса есептегенде 8 қабаттан тұратын ғимарат құрылысының бүгінде 88 пайызы аяқталған. Құрылыс алаңында 300-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Жобаны «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүзеге асыруда.
Аралау барысында аурухананы инженерлік-коммуникациялық желілерге қосу, келушілер мен науқастарға қолайлы жағдай қалыптастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автотұрақ мәселелері талқыланды. Көшпелі жиын барысында қала әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қатаң ескертті.
Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталады. Ал келесі жылдың басында аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген.
Жаңа медициналық кешеннің іске қосылуы - Түркістан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









