1 / 16
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдап, алдын ала жазылған оннан астам азаматтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамту, коммуналдық инфрақұрылым, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, аялдамалар орнату, мүгедектік тобын қайта қарау және денсаулық мәселелері бойынша өтініш-тілектерін жеткізді.
Әрбір өтініш бойынша нақты жағдайлар жеке қаралып, кейбір мәселелерге қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жүргізіліп, кейбірі қабылдау барысында шешімін тапты.
Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес әр айдың үшінші сәрсенбісінде өтеді. Қабылдауға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы алдын ала жазылуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









