ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

    1 / 9
    Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі сатирик Ермахан Шайхыұлының «Жансарай» және «Мақал – сөздің сақалы» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.
    Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов қатысып, қаламгерге ізгі тілегін білдірді.
    Кездесу барысында Ермахан Шайхыұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, жаңа кітаптарының мазмұны таныстырылды. Сонымен қатар автордың шығармашылық жолы, туындыларының жазылу тарихы мен әдеби ізденістері жөнінде сұхбат өрбіді.
    Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаровтың қаламгерге арналған алғы сөзін Сайлаухан Жоланов оқып берді. Сондай-ақ жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтіп, мәдениет және әдебиет саласының өкілдері, қаламгерлер, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
    Кездесу бағдарламасы аясында Құралай Сәтмұхамедованың «Әкем – асқар тауым» атты жаңа әнінің тұсауы кесіліп, Жанарыс Мәжитбековтің орындауында көпшілікке ұсынылды. Бұдан бөлек, Нұрасыл Қуанышәлі Берікболдың «Ағаш аяқ» әнін орындап, кітапхана ұжымы әзірлеген «Қыңыр сөз» бейнеролигі көрсетілді.
    Әдеби кеште қаламгердің «Медина мәзірі» шығармасы негізінде ұйымдастырылған жаңылтпаш айту сайысының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар Жұмабек Еділбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары өлең оқып, әдеби кештің мазмұнын толықтырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары