Түркістан облысында жас сақшылар полиция қызметімен танысты

    Жетісай ауданында "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына полиция қызметінің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік беретін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. М. Горький атындағы мектеп-гимназиясының 30 оқушысы полиция бөліміне арнайы барып, құқық қорғау органдары жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Алдымен оқушыларды полиция бөлімі бастығының орынбасары Сержан Оспанов қабылдап, арнайы кездесу өткізді. Ол оқушыларға полиция қызметінің негізгі бағыттары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіп сақтаудағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Экскурсия барысында оқушылар полиция жұмысының сырт көзге көріне бермейтін тұстарымен танысты. Олар Жедел басқару орталығында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіптің қалай қадағаланатынын көрсе, уақытша ұстау изоляторының қызметтік тәртібі мен жұмыс ерекшеліктері туралы білді. Ал криминалистика саласының мамандары оқушыларға оқиға орнынан айғақтарды анықтау, жинау және зерттеу тәсілдерін таныстырды. Оқушылар полицейлерге сұрақтарын қойып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы тың мәліметтер алды. Мұндай танымдық кездесулер жасөспірімдерге жай ғана экскурсия емес, құқық қорғау саласының жауапкершілігін сезініп, заң мен тәртіптің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.


    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары