Көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау, шетел азаматтарын тіркеу және олардың ел аумағында заңды болуын қамтамасыз ету – көші-қон полициясының негізгі міндеттерінің бірі. Осы міндетті асқан жауапкершілікпен орындап жүрген антына адал сақшылардың бірі – Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторы Қасымхан Сағындықов.
"Полицейдің бір күні" айдары аясында инспектордың күнделікті қызметі туралы материал ұсынады. Полиция қызметкері күнделікті жұмыс барысында шетел азаматтарының құжаттарын тексеріп, оларды тіркеу, уақытша және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесу, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау бағытында қызмет атқарады.
Үш айға жуық уақыт ішінде Қасымхан Сағындықов 128 шетел азаматын тіркеп, 34 азаматтың уақытша, 12 азаматтың тұрақты тұруына рұқсат алу үшін құжаттарын дайындауға көмектескен.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасына қатысты 9 құқық бұзушылықты анықтаған. Инспектор азаматтарға заң талаптарын түсіндіріп, көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









