Түркістан облысында 23-ші «Жас сақшы» сыныбы ашылды

    1 / 4
    Түркістан облысы Созақ ауданы І.Кеңесбаев атындағы мектепте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Әулет Алтаев есімі берілген «Жас сақшы» сыныбы ашылды.
    Бұл — Түркістан облысында ашылған 23-ші «Жас сақшы» сыныбы. Салтанатты шараға Түркістан облысы полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов, ардагерлер мен марқұмның жақындары қатысты.
    Жиында Әулет Сайлауұлының ел тыныштығы жолындағы ерлігі, қызметіне адалдығы мен батылдық танытқан өмір жолы сөз болды. Әріптестері мен бауыры оның өнегелі қызметі туралы естеліктерімен бөлісті.
    Жаңа сынып арнайы жабдықталып, оқушыларға нысанды киім үлгісі табысталды. Салтанатты рәсімде жоғары сыныптың 20 оқушысы ант қабылдап, «Жас сақшы» қатарына қосылды. Енді бұл сынып жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлық пен адалдыққа, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеуге қызмет етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары