1 / 14
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға дайындау мақсатында 24–25 қарашада Маңғыстау облысының аумағында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде тиісті қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының күштерін жедел басқару алгоритмі пысықталды. Оқу-жаттығу штабы қалалар мен аудандарға 15 кіріспе тапсырма беріп, олардың негізінде 15 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









