Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

    1 / 5

    Маңғыстау облысының ТЖД бастығы Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен маңғыстаулық спортшылар мен жаттықтырушыны марапаттады.

    Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта Маңғыстау облысының атынан үш спортшы – Қонысбаев Абай, Реджеметова Ситора, Жұмақова Сәнім және Қазақстан Республикасының жаттықтырушысы Құсайынов Қадыржан Рамазанұлы ел намысын қорғады.Әлемдік додада жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан жерлестерімізді Департамент бастығы арнайы қабылдап, олардың спорттағы жетістіктерін жоғары бағалады. Кездесу барысында спортшылар мен жаттықтырушыға алғыс білдіріліп, еңбектері мен табандылығы үшін марапаттар табысталды. Департамент бастығы өз сөзінде спортшылардың жетістігі – тынымсыз дайындықтың, жоғары кәсібиліктің және жеңіске деген жігердің нәтижесі екенін атап өтіп, алдағы жарыстарда толағай табыстар тіледі.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары