Тұрмыстық зорлық-зомбылық: алдын алу, қорғау және жауапкершілік

    1 / 2

    Арқалық политехникалық колледжінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық: алдын алу, қорғау және жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.Арқалық қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – мемлекеттік аға сот орындаушысы Бердикулов Абзал Абдибекович тақырып бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ Арқалық қаласы полиция басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Көбекова Ақбота Қонысбайқызы профилактикалық ақпараттық жұмыс жүргізді.Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен адамды қорғау және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелеріне назар аударылды. Мұндай кездесулер білім алушылардың құқықтық сауатын арттыруға және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін

    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары