2026 жылғы 24 қарашада «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әулиекөл аудандық сотында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық соттың судьялары, Әулиекөл ауданаралық аумақтық бөлімінің (ААБ) аға сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, аудан адвокаттары, сондай-ақ жергілікті әкімдік өкілі қатысты.Кездесудің негізгі тақырыбы сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдану мәселелері және бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, қатысушылар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі қарастырды.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер жөнінде пікір алмасып, одан әрі ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау жолдарын белгіледі.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








