2026 жылғы 9 қарашада Қостанай облысы Әділет департаменті Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Смаил Т.Т. Zoom платформасы арқылы кеңес өткізді.Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сот орындаушыларының қаулыларын санкциялаудан бас тарту себептері туралы хаты қаралды. Аталған хатта баяндалған ақпарат жеке сот орындаушыларының назарына жеткізіліп, алдағы жұмыс барысында басшылыққа алу үшін мәлімет ретінде қабылданды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелері қаралды. Кеңеске қатысушыларға ағымдағы жылдың соңына дейін белгіленген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.Бұдан бөлек, 2025–2026 жылдар аралығында алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің жасырын кірістерін анықтау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуы жеке сот орындаушыларының назарына жеткізілді.Осыған байланысты алдағы қызмет барысында осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









