Қақпа алдындағы кездесу

    Жаңа өмірге қадам: № 76 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы өтті.2026 жылғы 19 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысының Әділет департаменті сотталғандарға арналған көшпелі қабылдау өткізді.Іс-шараға құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Б.З. Кудесова, сот орындаушысы С.М. Токбаев, нотариус И.Ю. Вакуленко, адвокаттар алқасының адвокаты А.А. Бралин, «Заңгер» заң консультанты Д.М. Каженов, Қостанай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бас маманы Айдос Рамазанов, Қостанай қаласының Мансап орталығының өкілі Айгүл Шайкенова, сондай-ақ тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілі қатысты.Кездесу барысында сотталғандарға заң көмегін алу, құжаттарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасу және бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.Іс-шараның басты мақсаты-сотталғандарды қоғамға қайта оралуға дайындау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары