Жасанды интеллект дәуіріндегі білім, бизнес және құқық.

    2026 жылғы 19 қарашада Қостанай облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Салтанат Аитова академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ұйымдастырған «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім, бизнес және құқық» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.Іс-шара Қостанай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні дамытудың өзекті мәселелерін және оның білім беру жүйесіне, кәсіпкерлік қызметке және құқық саласына әсерін талқылады. Заманауи цифрлық технологияларды қолданудың құқықтық аспектілеріне, азаматтардың құқықтарын қорғау, жауапкершілік және қоғамды жедел цифрландыру жағдайында заңнаманың сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, ал құқық оларды жауапкершілікпен әрі қауіпсіз пайдаланудың шектерін айқындайды.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары