2026 жылғы 25 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында Әділет департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Айнағұмыр» тақырыптық қойылымын тамашалады.Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









