Бүгін аудан әкімдігінің қабылдау бөлімінде су құбыры жобасының жұмыс барысын бақылау мақсатында кезекті жиын өтті. Жиынға Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов, мердігер «Қалдығайты» ЖШС, жобалаушы SHINE Project, техникалық қадағалау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында 3 көтерілім (подъем) бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі тыңдалып, нысандағы өрт сөндіру қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлар талаптарының толық орындалуына қатысты сауалдарға жауап алынды.
Сонымен қатар сметалық жұмыстар, жобаға енгізілген өзгерістер мен түзетулер, бюджет пен қаржылай жағдай, құдықтар мен су мұнарасының (башня) құрылысы, жоспар үлгерімі мен нысанды тапсыру мерзімі секілді жұмыс барысындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, пысықталды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары мердігер мен жауапты мамандарға жоспар бойынша жасалуы тиіс жұмыстарды уақытылы аяқтауды, айтылған ескертулерге мұқият қарауды және құрылыс жұмыстарының жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









