Теректі ауданы әкімдігінің кіші залында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын нығайту мақсатында өткен жиынға мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет мониторингі мен ақпараттандыру бөлімінің бас инспекторы Алмагүл Телжанова мемлекеттік қызметтер саласындағы 9 айдың қорытындысы мен өзекті мәселелер туралы баяндады.
Отырыста аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі мен мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сәкен Идрескалиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Алихан Джарылгасов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Теректі ауданы бойынша бөлімнің бас маманы Ербол Көшербайұлы, мүлікті тіркеу бойынша бас маман Марьям Сарсенбайқызы бой көрсетті. Спикерлер мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасына енгізілген өзгерістерге, өзекті мәселелерге, сондай-ақ жер қатынастарына байланысты құжаттар мен талап-ережелерге кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар Теректі ауданы әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Бағдат Ғазиз мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуі бойынша, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді дұрыс тіркеу және қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ жұмыс барысында жиі кездесетін қателіктердің алдын алу тақырыбында ақпарат жеткізді.
Семинар барысында әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы мәселелер қаралып, жиі кездесетін кемшіліктерге ерекше назар аударылды. Аталған кемшіліктерді болдырмау жолдары түсіндіріліп, өтініштерді қарау кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді. Қатысушылар айтылған мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі Мирлан Еркибаев сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне қойылатын талаптар жөнінде тоқталды. Сондай-ақ аудан әкімінің атынан қызмет барысында көрсеткен кәсібилігі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысхат пен естелік сыйлық табыстады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








