«Кәсіби бағдар берудегі цифрлық мүмкіндіктер» облыстық семинары

    «Кәсіби бағдар берудегі цифрлық мүмкіндіктер» облыстық семинары🎉

    2026 жылдың 17 қарашасы күні Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы мен Сырым ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдар берудегі цифрлық мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті.

    Семинардың мақсаты - кәсіби бағдар беру жұмысында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, заманауи платформалар мен инновациялық құралдарды тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтаудағы озық тәжірибемен бөлісу болды.

    Семинар барысында:
    ✅ «Ұлт зиялысының өнегелі жолы – музей мұрасында» - музеймен таныстыру
    ✅ «Әр мамандық маңызды, әр таңдау жауапты» - бизнес жобалар, көрме-жәрмеңке
    ✅ «Бала қызығушылығы - мамандыққа алғашқы баспалдақ» - мамандықтар шеруі
    ✅ «SkillUp. Өзіңді таны, бағытыңды тап»
    ✅ «Кәсіби бағдар берудегі цифрлық Storytelling және интерактивті технологиялар»
    ✅ «Цифрлық дәуірдегі кәсіби бағдар: жаңа мүмкіндіктер мен тиімді шешімдер» тақырыптарында тәжірибе алмасып, тың идеялар ұсынылды.

    #Тамаша# балабақша тәрбиеленушілерінің «Мамандықтар әлемінде» атты композициялық қойылымы мен # Бала қызығушылығы -мамандыққа алғашқы баспалдақ# мамандықтар шеруі қойылымы семинарға ерекше әсер сыйлады. ✨

    Облысымыздың барлық аудандарынан келген әдіскерлер мен педагог-кәсіби бағдар берушілерге, тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

    Кәсіби бағдар - болашаққа бастар бағыт!
    Бүгінгі жұмыс - ертеңгі нәтиже!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары