Ұстаз бен оқушының шығармашылық тандемі: жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер

    Ұстаз бен оқушының шығармашылық тандемі: жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер

    📚Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Сырым ауданында Сырым және Қаратөбе аудандарының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Smart teaching: креативный учитель – мотивированный ученик» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары өтті.

    📌Семинардың басты мақсаты – заманауи білім беру кеңістігінде оқушының оқу мотивациясын арттыру, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту, тиімді оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде ұтымды пайдалану жолдарын көрсету.

    🔰Семинар мазмұны өзектілігімен, тәжірибелік бағыттылығымен және тың идеяларымен ерекшеленді. Бағдарлама аясында қатысушылар заманауи сабақ жобалаудың креативті тәсілдерімен танысып, түрлі форматтағы ашық сабақтарға қатысып, озық педагогикалық тәжірибелермен алмасты.

    🔰Ашық сабақтар барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Әсіресе, Н.В. Гогольдің «Шинель» шығармасы негізінде ұйымдастырылған сот сабағы оқушылардың әдеби туындыны талдау, өз көзқарасын дәлелдеу және адамгершілік құндылықтарды бағамдау дағдыларын дамытудың ерекше үлгісін көрсетті.

    🔰Ашық сабақтар аяқталғаннан кейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының БҚО бойынша ҚДИ мамандары қатысқан сабақтарға әдістемелік талдау жасап, өздерінің кәсіби пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Талдау барысында сабақтардың құрылымы, оқу мақсаттарының жүзеге асуы, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, оқушылардың белсенділігі мен оқу нәтижелері сараланды. Мамандардың кері байланысы педагогтер үшін өз тәжірибелеріне жаңаша көзқараспен қарап, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды әдістемелік қолдау болды.

    🔰Педагогикалық шеберлік алаңында мәтінмен жұмыс арқылы сыни ойлауды дамыту, SMART-мақсаттарды нақты оқу нәтижелерімен байланыстыру, жасанды интеллектті сабақта қолдану, оқу және сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.

    🔖Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмысы, зерттеушілік әлеуетін дамыту, әлеуметтік маңызы бар медиажобаларды жүзеге асыру және волонтерлік бастамалар арқылы оқушының тұлғалық дамуына ықпал ету бағытындағы тәжірибелер көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жұмыстар педагогтің тек білім беруші ғана емес, оқушының бастамасын қолдайтын, ізденісіне бағыт-бағдар беретін шығармашылық серіктес екенін айқындады.

    📍Семинар – тәжірибе алмасудың ғана емес, жаңа идеялармен шабыттанып, кәсіби дамуға тың серпін беретін, педагогикалық ізденістерді ортақ талқылауға мүмкіндік туғызған маңызды алаңға айналды.

    Семинарды ұйымдастыруға атсалысқан барша әріптестерге, тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға, әдістемелік қолдау көрсеткен «Өрлеу» мамандарына алғыс білдіреміз!

    Креативті мұғалім – шабыттанған оқушы, ал шабыттанған оқушы – жарқын болашақтың бастауы!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары