ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова инфекциялардың таралуын азайту үшін әр адам қарапайым профилактикалық шараларды сақтауы қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, үй-жайларды үнемі желдетіп, қол және жөтел гигиенасын сақтау маңызды. Ауырған жағдайда басқа адамдармен байланыс жасауға мәжбүр болсаңыз, маска тағу ұсынылады.
«Жүкті әйелдерге, кішкентай балалары бар ата-аналарға, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрігерге жүгінуді кейінге қалдырмау ерекше маңызды. Тыныс алудың қиындауы, кеуде тұсының ауыруы, сана бұзылыстары, баланың айқын әлсіздігі және жағдайының ауыр екенін көрсететін басқа да белгілер байқалса, шұғыл медициналық көмек қажет. Антибиотиктерді өз бетінше қабылдауға болмайды, өйткені олар вирустарға әсер етпейді. Вирусқа қарсы емнің және басқа да дәрілік препараттарды тағайындаудың қажеттілігін дәрігер анықтайды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








