«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

    1 / 2

    «АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

    Білімді ұрпақ – ел болашағы!

    3–4-сынып оқушылары арасында оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Алтын сақа» олимпиадасы ұйымдастырылды.

    Білім додасына барлығы 89 оқушы қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін, тапқырлықтары мен зеректіктерін сынға салды.

    Олимпиада барысында оқушылар өздерінің ізденімпаздықтарын, алғырлықтарын және білімге деген құштарлықтарын көрсете білді. Жоғары ұпай жинаған 10 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алды.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңімпаздарға жарқын жетістіктер тілейміз!

    Білім жолындағы әрбір қадамдарыңыз жеңіске жетелесін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары