«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2026»: КӘСІБИ ІЗДЕНІС ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

    1 / 6

    «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2026»: КӘСІБИ ІЗДЕНІС ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

    Бүгін Сырым ауданында «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өтті.

    Байқау педагогтердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, білім беру мазмұнын жетілдіруге бағытталған тың идеялар мен озық тәжірибелерді саралауға мүмкіндік берді. Қатысушылар ұсынған авторлық бағдарламалар оқыту сапасын арттыруға, пәндік білімді тереңдетуге және педагогикалық тәжірибені дамытуға бағытталды.

    Конкурс барысында жұмыстардың өзектілігі, жаңашылдығы, құрылымы, педагогикалық мақсаттылығы, күтілетін нәтижелері мен оларды бағалау жолдары ескерілді. Бұл – авторлық бағдарламаның құндылығын идеямен ғана емес, оның білім беру үдерісіндегі нақты тиімділігімен бағалаудың маңызды өлшемі.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:

    Бастауыш білім беру бағыты:
    🥇 І орын – Мутиева Алия Таргиновна, Көздіғара негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
    🥈 ІІ орын – Сембиева Жанат Жұмағалиевна, Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыт – қазақ тілі:
    🥈 ІІ орын – Ескабулова Сауле Максутовна, Аралтөбе жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
    🥉 ІІІ орын – Ажигалиева Шаттық Лесбайқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағыт – құқық:
    🥇 І орын – Нұғманова Гүлдана Максимовна, Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі.

    Эстетикалық пәндер бағыты:
    🥈 ІІ орын – Қарағойшина Сұлужан Жәдігеровна, М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің көркем еңбек пәні мұғалімі.

    Авторлық бағдарлама – педагогтің кәсіби ізденісінің, тәжірибелік байқауының және білім сапасын арттыруға деген ұмтылысының көрінісі. Осындай кәсіби алаңдар тың идеялардың дамуына, тиімді әдістемелік шешімдердің таралуына және педагогтердің шығармашылық бастамаларының қолдау табуына жол ашады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары