АБАЙ МЕКТЕБІНДЕ КӨШПЕЛІ АЛҚА ЖӘНЕ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19 қазанда Шағырлыой ауылында орналасқан Абай мектеп-балабақша-бөбекжай-кешенінде бөлім басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбыловтың төрағалығымен білім беру ұйымдары басшыларының көшпелі алқа және аппарат отырысы өтті.
Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін саралау, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, білім беру сапасын арттыру бағытындағы міндеттерді айқындау және алдағы жұмыстарды жүйелеу.
Отырысқа барлық мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде білім беру сапасын арттыру, әдістемелік жұмысты жетілдіру, мектеп кітапханаларының қызметін дамыту, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындық және білім саласындағы басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар аппарат отырысында білім беру саласындағы ағымдағы жұмыстардың барысы мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер талқыланып, оларды сапалы әрі уақтылы орындау бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жиын соңында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай білім беру саласындағы еңбегімен ерекшеленген бірқатар мектеп басшылары мен Абай мектеп-балабақша-бөбекжай-кешенінің педагогтері марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілейміз!
Бөлімнің бас маманы Г.Куанбаева
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







