«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ»
⚜️ 2026 жылғы 15 қазанда Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің базасында 9–10-сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
⚜️ Білім додасының басты мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, өлкетану бағытындағы зерттеу жұмыстарын дамыту, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру дағдыларын қалыптастыру, зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру қабілеттерін жетілдіру.
⚜️ Конкурс барысында жас зерттеушілер туған өлкенің тарихын зерделеп, тарихи тұлғалар мен құнды жәдігерлердің маңызын ашуға бағытталған жұмыстарын ұсынды.
⚜️ Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
⚜️ І «Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша:
↘️ І орын: А.Дабылова (жетекшісі Қ.Арыстанов), Аралтөбе ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы;
↘️ ІІ орын: Б.Баймұрат (жетекшісі Ж.Жолдасханова), Тасқұдық НМББК-нің 9-сынып оқушысы
↘️ ІІІ орын А.Юностиев(жетекшісі Б.Онайбекова), М.Қаналиев ат.МББК-нің 9-сынып оқушысы
⚜️ ІІ.Бір жәдігер-бір тарих» номинациясы бойынша :
↘️ І орын: Ә.Төлегенов (Н.Қайдаров) Сырым МББК –нің 9-сынып оқушысы
↘️ ІІ орын Ж.Тлеген (А.Губайдуллина), М.Қаналиев ат.МББК-нің 9-сынып оқушысы
↘️ ІІІ орын С.Қаполла (жетекшісі Қ.Арыстанов), Аралтөбе ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы
⚜️ ІІІ «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша:
↘️ І орын: А.Ескали (жетекшісі М.Арыстанов),Қ.Мырзалиев ат.ОМ 10-сынып оқушысы
↘️ ІІ орын: Р.Ғилман (жетекшісі Н.Муханбеталиев), МҚаналиев ат.МББК-нің 10-сынып оқушысы
↘️ ІІІ орын: Ж.Тұран (жетекшісі А.Тулепкалиева), А.Жұмағалиев ат.МББК-нің 10- сынып оқушысы
⚜️ Туған өлкенің тарихын тану – өткенді құрметтеп, болашаққа бағдар жасаудың маңызды қадамы. Осындай танымдық конкурстар оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдап, тарихи санасын қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
⚜️ Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жас тарихшыларға шығармашылық табыс, ізденіс жолында сәттілік және жаңа жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








