2026 жылғы 9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында «Су ізі – әркімнің жауапты таңдауы» тақырыбында бірыңғай республикалық экологиялық сағат өткізілді.
Облыс мектептерінің 9–11-сынып оқушылары мен колледж студенттері Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің базасында ұйымдастырылған іс-шараның онлайн-трансляциясына қатысты.
Экологиялық сағат аясында Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристин Хонеггер мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімұлы Сәлімұловтың қатысуымен ашық диалог өтті. Қатысушылар су ресурстарына ұқыпты қарау, суды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны сақтаудағы әр адамның жеке жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Бағдарлама интерактивті ойынмен де толықтырылды.
1–8-сынып оқушылары үшін «Тамшы» жобасының сайтында («Су сандығы» бөлімі) орналастырылған әдістемелік материалдар негізінде тақырыптық сабақтар өткізілді.
Экологиялық сағаттың мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарға саналы көзқарасын дамыту және суды сақтау әр адамның күнделікті өмірдегі қарапайым дағдыларынан басталатынын түсіндіру.
Бүгінгі суды үнемдеу – ертеңгі тұрақты болашаққа қосқан үлес!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









