2026 жылғы 6–8 қазан аралығында Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК базасында VII Халықаралық «ASTAUfest-2026» гастрономиялық фестивалі өтті.
Іс-шара кәсіптік білім беруді интернационалдандыру, озық тәжірибе алмасу және мәдени дәстүрлерді сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль Қазақстан мен шетелдердің бейінді оқу орындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын біріктірді. Қатысушылардың жұмыстарын Франциядан (Мишлен жұлдыздарының иегерлері), Түркиядан, Кореядан, Якутиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Қазақстаннан келген халықаралық сарапшылар тобы бағалады.
Солтүстік Қазақстан облысының атынан Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Владислав Токарев қатысып, «Аспаз біліктілігі бойынша жеке кәсіптік сайыстар» номинациясында Гран-при иеленді. Студентті өндірістік оқыту шебері Бибигуль Аманбаевна Телемесова дайындады.
Владислав Токарев пен Б. А. Телемесованы кәсіби шеберліктерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз!







