«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының республикалық кезеңі

    Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын, оқу, кәсіби, қоғамдық және жобалық қызметте жоғары нәтижелер көрсеткен талантты әрі белсенді студенттерді анықтауға және қолдауға бағытталған «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Үздіктер қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан 4 студент енді.

    Байқау бірнеше кезеңде: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары деңгейінде, өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізілді. Қатысушылар өздерінің кәсіби және оқу жетістіктері, іске асырған жобалары, қоғамдық белсенділігі және таңдаған кәсібін дамытуға қосқан жеке үлесі туралы ақпарат ұсынды.

    Байқау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 4 студенті Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті қатарына енді:

    − Ералы Жансұр Нұралыұлы — «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК;

    − Кожахметова Камила Алматовна — «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ;

    − Орысбек Айдос Дулатұлы — «Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;

    − Глухова Варвара Андреевна — «Со» КМҚК.

    Олардың жетістіктері — мақсатқа ұмтылыстың, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейінің, қоғамдық өмір мен білім беру іс-шараларына белсенді қатысудың, сондай-ақ таңдаған кәсібін дамытуға деген талпыныстың нәтижесі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы" жаңалықтары