Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев стенд атудан ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері Әлішер Айсалбаевпен және оның бапкері Максим Коломоецпен кездесті. Спортшыны айтулы жетістігімен құттықтап, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғысын білдірді.
«Сіздер бағындырған белес – тынымсыз жаттығу мен ерен еңбектің нәтижесі. Мұқалмас жігер, табандылық пен жоғары дайындықтың арқасында еліміздің көк туы биікте желбіреп, халықаралық аренадағы мерейі асқақтады. Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Алдағы халықаралық бәсекелерде де бақтарыңыз жана берсін. Шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, отбасыларыңызға зор денсаулық пен қуаныш тілеймін. Еліміздің абыройын асқақтатар жеңісті күндеріңіз көп болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кездесуде спортшыға облыс әкімінің Алғыс хаты және 1 млн теңге көлеміндегі қаржылай сертификат табысталды. Ал бапкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында ХХ Азия ойындары өтті. Байрақты бәсекеге Азияның 45 елінен 15 мыңға жуық спортшы қатысты.
Азия ойындарының қола жүлдегеріне құрмет көрсетілді
1 / 3
Ұқсас материалдар

Қызметтік автокөліктерге саптық байқау жүргізілді
Ашу
Жылыту маусымы: қауіпсіздік – басты назарда!
Ашу
Түркістан облысы ТЖД-ның 9 айдағы жұмысы қорытындыланды
Ашу
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына
Ашу
Қарағанды облысында кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі
Қарағанды облысының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Қызылордада «Анаға тағзым» III республикалық форумы өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Аймақта жылу беру маусымы басталды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызмет көрсету пункттерінде қарқынды жұмыс жүргізілуде
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының барысымен танысты
Қызылорда облысының әкімдігіАшу