Астана – Алматы бағыты бойынша IQ351 рейсін орындаған Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының әуе кемесі техникалық себепке байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды.
30 қараша, Астана уақытымен сағат 01:20-да ұшақ штатты режимде қонды. Бортта 81 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Авиациялық оқиға бойынша комиссия құрылады. Тергеп-тексеру жүргізіліп, әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтауы тексеріледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









