Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

    1 / 4

    Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған семинар-тренинг өтті.

    Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке жауапкершілікті қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын орнықтыру мәселелерін талқылады.

    Семинар-тренингке арнайы шақырылған спикерлер тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Атап айтқанда:

    * Сарбасов Жанат Амангельдинович — «Білім» қоғамдық қорының менеджері. Ол жастардың қоғамдағы рөліне тоқталып, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

    * Мухамеджанова Майя Маратовна — Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы. Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтты.

    * Жамулдинов Виктор Николаевич — заң ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ профессоры. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық аспектілерін түсіндіріп, заң талаптарын сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына назар аударды.

    Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру, әр адамның жеке жауапкершілігін сезінуі және сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам қалыптастыру жолдары талқыланды.

    Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы нығайтуға ықпал етеді.

    Адалдық пен әділдік — Қазақстанның жарқын болашағының негізі!

    Іс-шара Екібастұз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Білім» білім және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары