Екібастұзда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды

    25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Екібастұз өңірінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы өтеді.

    Акцияның мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда оған мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.

    Науқан аясында полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғын үйлерді аралайды. Сондай-ақ еңбек ұжымдарымен, студенттермен және ата-аналармен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары