Белсенді азаматтарға алғыс хаттар табысталды

    1 / 6

    Екібастұз қаласының қоғамдық өміріне белсенді араласып, қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қала тұрғыны марапатталды.

    Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Қайыпханұлы Жантелиев белсенді азаматтарға алғыс хаттар табыстап, олардың қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

    Марапаттау барысында қала өміріндегі қоғамдық бастамаларды қолдау, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыру, тұрғындар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы айтылды.

    Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың белсенділігіне, жауапкершілігіне және ортақ іске деген жанашырлығына байланысты. Өз ортасында үлгі болып, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

    Осындай азаматтарға алғыс білдіру – олардың еңбегін бағалаудың ғана емес, қоғамдағы белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті арттырудың да маңызды көрінісі.

    Қала өміріне бейжай қарамай, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары