Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

    1 / 3

    Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Болашақ+» ойын-сауық орталығында ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға жол бермеу, әлеуметтік желілердегі арандатушылық сипаттағы ақпараттарға сақтықпен қарау, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Қаладағы өзге де сауда және ойын-сауық орталықтарында тұрғындармен кездесулер өткізу жоспарлануда.

    Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қаладағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары