«Сыбайлас жемқорлыққа сот»: шығармашылық пен ойын арқылы адалдыққа тәрбиелеу

    1 / 5

    17 қараша күні Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылығы орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа сот» атты интерактивті сыбайлас жемқорлыққа қарсы рөлдік ойын ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында адалдық, әділдік, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.

    Іс-шара Павлодар қаласынан келген «Домовята» театр студиясының сахналық қойылымымен басталды. Жас әртістер түрлі кейіпкерлердің бейнесі арқылы сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғап, оның қоғамға тигізетін кері әсерін көрермендерге жеткізді. Қойылым барысында адалдық пен әділдіктің, адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығы көркем түрде көрсетілді.

    Бағдарламаның келесі бөлімінде қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта танымдық викторина өткізілді. Көрермендер қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдері мен ой-пікірлерін ортаға салды. Викторина барысында дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

    Іс-шараның интерактивті форматы балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, маңызды қоғамдық мәселелерді шығармашылық және ойын арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қатысушылардың құқықтық сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.

    Адалдық пен парасаттылық – әділетті қоғамның негізі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың саналы көзқарасы мен жауапкершілігінен басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" жаңалықтары